Еркін күрестен Азия чемпионатында екі қазақ балуаны финалға өтті

697

65 келідегі Саятбек Оқасов пен 70 келідегі Нұрқожа Қайпанов құрлық додасының финалында күреседі.

Еркін күрестен Азия чемпионатында екі қазақ балуаны финалға өтті

Бүгін Қытайдың Сиянь қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Алғаш болып еркін күрес балуандары өзара мықтыларды анықтайды, деп жазады Olympic.kz. 

57 келідегі Мейрамбек Қартбай үнділік спортшыдан ұтылып, жарысты аяқтады. 

65 келідегі Саятбек Оқасов құрлық додасының финалында күреседі. Ол іріктеу кезеңдерінде Бахрейн, Қырғызстан және Солтүстік Корея спортшыларынан үстемдік танытты. 

Сондай-ақ, 70 келідегі Нұрқожа Қайпанов Ирак, Түркменстан және Иран балуандарынан басым түсіп, финалға жолдама алды. 

79 келіде белдесетін Ғалымжан Өсербаев Тәжікстан мен Өзбекстан балуандарын жеңгенімен, жартылай финалда үнділік балуанға есе жіберді. Кешкі сессиядаӨсербаев қола медальға күреседі. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу