Еркін күрестен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті

920

55 келідегі Марина Седнева мен 76 келідегі Гүлмарал Еркебаева өз салмағында жеңімпаз атанды. 

Еркін күрестен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті

Красноярск қаласында еркін күрестен Дмитрий Миндиашвили академиясының жүлдесі үшін бүкілресейлік турнир аяқталды. Аталған сында әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті, деп жазады Olympic.kz.

55 келідегі Марина Седнева мен 76 келідегі Гүлмарал Еркебаевалар қарсылас шыдатпай, өз салмағында жеңімпаз атанды. 

Аяулым Қасымова (62 келі) мен Іңкәр Жаңатаева (76 келі) екінші орын иеленсе, Альбина Қайыргелдинова (68 келі), Гаухар Мұқатай (65 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі), Эльмира Сыздықовалар (76 келі) үздік үштікке енді. 

Өкінішке қарай, ерлер құрамасы айтарлықтай нәтиже тіркеген жоқ. 

Еске сала кетейік, Эльмира Сыздықова "Иван Ярыгин" турнирінде Қазақстан намысын қорғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу