Еркін күрестен қазақстандық спортшылар ТМД елдерінің арасында 4 медаль жеңіп алды

436

Бәсеке Белоруссияның Солигорск қаласында өтіп жатыр.

Еркін күрестен қазақстандық спортшылар ТМД елдерінің арасында 4 медаль жеңіп алды Фото: gov.kz

Қазақстандық еркін күрес шеберлері ТМД елдерінің II ойындарында төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Белоруссияның Солигорск қаласында өтіп жатқан ТМД елдерінің II ойындарының еркін күрестен бәсекесінде Қазақстан ерлер құрамасы үш күміс және бір қола медаль иеленді.

Күміс медаль

Ерасыл Мұхтарұлы (57 кг)
Арсен Умиржанов (79 кг)
Мақсат Сатыбалды (86 кг)

Қола медаль
Омархан Надиров (125 кг)

Айта кетейік, еркін күрестен жарыс жолын 13 тамыз күні қыздар құрамы жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу