Еркін күрестен ҚР Чемпионаты өтіп жатыр

1553

Еркін күрестен ҚР Чемпионаты өтіп жатыр

Екібастұз қаласындағы "Жасыбай" балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Байбәкіровтың айтуынша, байрақты бәсекеге еліміздің 17 өңірінен барлығы 300-ден астам балуан келген.

"Бұл дода – Азия чемпионатына іріктеу болмақ, - дейді Нұрлан Байбәкіров. – Азия чемпионаты тамыз айында Иранда жоспарланған. Боз кілемде 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер күш сынасуда. Жеңімпаздар жарыстың үшінші күні белгілі болады. Жерлестеріміздің дайындығы жоғары. Барлығы жүлдеден үмітті. Павлодар облысының намысын 20-дан астам балуан қорғайды. Оның ішінде Екібастұз өңірінен 8 спортшы бар".

Айта кетейік, Екібастұз қаласындағы ел біріншілігі 11 салмақ дәрежесі бойынша өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу