Италияның Рим қаласында күрес түрлерінен "Mattaeo Pellicone" халықаралық турнирі жалғасуда.
Қазақстан сапынан алғашқы медальді 125 келідегі Юсуф Батырмурзаев жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Батырмурзаев алғашқы айналымда ирандық қарсыласынан ұтылған болатын. Алайда, Иран балуаны финалға шығып, қазақстандық спортшы қола жүлдеге күресу мүмкіндігін алды.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде Юсуф Батырмурзаев неміс балуанын жеңіп, қола жүлдеге иелік етті.
97 келіде Қазақстан намысын қорғаған үш балуан да алғашқы айналымда жеңіліс тапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу