Еркін сауда айналымындағы кедендік бақылау тәртібі өзгерді

563

Сенатта "1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттер арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң қабылданды. 

Еркін сауда айналымындағы кедендік бақылау тәртібі өзгерді

Хаттамаға 2019 жылғы 31 мамырда Ашхабад қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің премьер-министрлері қол қойған.
Заң жобасын әзірлеу қажеттігі 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербургте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жаңа Еркін сауда аймағы туралы шартқа қол қоюға байланысты туды. Осы шарттың күшіне енуіне орай бірқатар халықаралық шарттар, оның ішінде 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісім әрекетін тоқтатты.

"Жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкестендіру мақсатында қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімнің кіріспесіне өзгеріс енгізіледі. Бұған қосам шартқа сәйкестендіру және "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесін" белгілеу мақсатында Келісімнің 2-бабы 2009 жылғы 20 қарашадағы атауы  сілтемемен толықтырылды. Келісімнің 6-бабы жаңа редакцияда жазылды. Оның мәні қажет болған жағдайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің өткізу бекеттерінде бірлескен кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін жағдай жасайды", - деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. 

Министрдің мәлімдеуінше, заң жобасын ратификациялау тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау тәртібіне тұжырымдамалық өзгеріс енгізуді көздемейді. Хаттама ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге, ықпалдасуға және өзара көмек көрсетуге бағытталған.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу