"Еркіндікті ессіздікпен алмастырма" – Нұртөре Жүсіп "ИК" мен Shiza-ны жазалауды сұрады

826

"Қоғам бұл оқиғаға Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі қандай құқықтық баға беретінін әлі де күтіп отыр. Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігі жауапкершілігін сезіне ме? Олар неге үнсіз қалды?", – деді Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп.

"Еркіндікті ессіздікпен алмастырма" – Нұртөре Жүсіп "ИК" мен Shiza-ны жазалауды сұрады

Нұртөре Жүсіп Алматыда ИК тобы мен Шиза лақап аты бар әншінің концертінде болған жағдай туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 372-ші бабы бойынша "Қазақстан Республикасының рәміздерін қорлау – 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады". Әдетте концертті кімдер ұйымдастырды? Қалтасында қомақты қаржысы барлар өткізеді. Оларға мына мөлшердегі айыппұлды төлей салу түкке тұрмайды", – деді депутат. 

"Әкімшілік кодекстің 434-бабы бойынша, әншілердің көпшілік алдында былапыт сөздер айтуы ұсақ бұзақылық болып есептеледі. Заң бұған бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке қамауды көдейді. Ал 440-бапта көпшілік алдына ішімдік ішіп шығу, есірткі пайдалану бойынша жаза бар", – деп қосты сенатор.

Оның айтуына қарағанда, Конституцияда шығармашылық еркіндікке кепілдік берілген. "Ал еркіндікті ессіздікпен алмастыруға болмайды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу