Ерлан Әукенов қызметінен босатылды

814

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ерлан Мұратұлы Әукенов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.  

Ерлан Әукенов қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ерлан Мұратұлы Әукенов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Ерлан Әукенов 1984 жылы 5 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Брэдфорд университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы "XXI ғасыр көшбасшысы" жастар орталығы" ӨҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып бастаған.

Әр жылдары жеке компаниялар мен қоғамдық бірлестіктерде, мемлекеттік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2014-2015 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2015-2019 жж. – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу