Ерлан Ибраим қызметінен босатылды

1041

Жаңа бас бапкер алдағы уақытта  тағайындалатын болады.  

Ерлан Ибраим қызметінен босатылды

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Атқарушы комитетінің шешімімен бас бапкер Ерлан Ибраимның өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР ұлттық олимпиада комитеті.

 "Федерация маманға атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, одан арғы мансабында жеміс тілейді.

Айта кетейік, Ерлан Ибраим сондай-ақ, 2019 жылдың ақпанынан бастап федерацияның спорттық директоры ретінде қызмет жасады. Кейін тренерлік штабқа басшылық етті", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу