Ерлан Қарин алдағы сайлаудың 10 жаңалығын атады

534

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин 19 наурызда өтетін Мәжіліс пен Мәслихат сайлауының негізгі 10 жаңалығын атады. 

Ерлан Қарин алдағы сайлаудың 10 жаңалығын атады Фото: Masa Media

Бұл пікірін ол телеграм арнасында жариялады. 

Сонымен, біріншіден 2004 жылдан кейін алғаш рет Мәжілістегі 98 депутаттың 29-ы бір мандатты округтер арқылы сайланады. Екінші жаңалығы - үміткерлерге өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік ашылды. Үшіншіден, кезектен тыс сайлаудың өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды. Төртінші өзгеріс - партиялар Парламентке өтуі үшін бұрынғыдай 7 емес, 5 пайыз дауыс жинаса - жеткілікті, ал бесінші ерекшелік - әйелдер, жастар және мүгедектер үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады. 

6. Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды;

7. Алғаш рет Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында "бәріне қарсымын" деген баған енді;

8. Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді;

9. Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді;

10. Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны  төртеу).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу