"Ұлттық қор — балаларға" төлем көлемі ұлғаяды - Қарин

429

Бұл туралы Ерлан Қарин телеграм арнасында жазды. 

 "Ұлттық қор — балаларға" төлем көлемі ұлғаяды - Қарин Фото: akorda.kz

"Мемлекет басшысының бастамалары біртіндеп орындалып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасында айтылған негізгі бастаманың бірі — "Ұлттық қор — балаларға" жобасы іс жүзінде жүзеге асырылып, балаларымыздың есеп-шотына Ұлттық қордан төлемдер түсе бастады. Қаражаттың төлену тәсілдері туралы Үкімет пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері егжей-тегжей түсіндірді. Алдағы уақытта бөлінетін төлем Ұлттық қор активтерінің еселенуіне және қосымша инвестициялық табыстың артуына байланысты ұлғаятын болады", — деп жазды Ерлан Қарин Телеграм арнасында.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кеңесші Мәжіліс кеше әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң жобасын жұмысқа қабылдағанын мәлімдеді. Бұл құжатты депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылық және педофилия үшін жауапкершілікті күшейту туралы Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес әзірлеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу