Ерлан Қарин: Американың бизнес капитандарымен болашағы зор жобаларды жүзеге асыруға келісім жасалды

201

Мемлекеттiк кеңесшісі Президенттің Қытай мен Америка сапарының табысты болғанын, сапар барысында Wabtec, PepsiCo, Amazon, Chevron және тағы басқа ірі компаниялармен келісім жасалғанын айтты.  

Ерлан Қарин: Американың бизнес капитандарымен болашағы зор жобаларды жүзеге асыруға келісім жасалды Фото: kisi.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеңесшісі Ерлан Қарин Президенттің АҚШ сапарына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерлан Қариннің пікірінше, Президенттің Қытайға сапары да табысты болған.

– Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарында құны шамамен 15 млрд долларға тең 70 келісімге қол қойылды. Президенттің осы жолғы АҚШ сапары да айтарлықтай табысты өтіп жатыр. Американың бизнес капитандарымен болашағы зор бірқатар жобаны жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Әңгіме Wabtec, PepsiCo, Amazon, Chevron және тағы басқа ірі компаниялар жайында болып отыр. Мәселен, Wabtec компаниясымен құны шамамен 4,2 млрд долларды құрайтын келісім жасалды. Инвестиция тарту бағытында табанды әрі жүйелі жұмыс жүргізілуде, – деді Қарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу