Ерлан Карин: Аудан, қала әкімдерін сайлау — Орталық Азиядағы алғашқы тәжірибе

327

Демалыс күндері өткен сайлауда 45 әкім лауазымына 125 үміткер таласты.

Ерлан Карин: Аудан, қала әкімдерін сайлау — Орталық Азиядағы алғашқы тәжірибе Фото: akorda.kz

Қазақстанда тұңғыш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау — Орталық Азия аймағындағы алғашқы осындай саяси тәжірибе.

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Телеграм арнасында жазды. 

"Қазақстанда тұңғыш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланды. Өздеріңізге мәлім, ауыл әкімдерін сайлау 2 жылдан бері өткізіліп келеді (содан бері 1700-ге жуық әкім сайланды).

Аудан әкімдерінің сайлауы қоғамда зор қызығушылық туғызды. 45 әкім лауазымына 125 үміткер таласты. Олардың қатарында түрлі саланың өкілдері – экономистер, заңгерлер, оқытушылар, инженерлер, ауыл шаруашылығы және басқа да сала мамандары болды. 7 саяси партияның бәрі аудан әкімдерінің сайлауында өз үміткерлерін ұсынды. 1 497 сайлау учаскесінде кандидаттар сенім білдірген тұлғалар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлығы 8500-ге жуық адам байқау жүргізді", деді Мемлекеттік кеңесші. 

Сондай-ақ, Ерлан Қарин аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау - Орталық Азия аймағындағы алғашқы осындай саяси тәжірибе екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары өңірдегі саяси жаңғырту ісінің жаңа бағдарын айқындап жатқанын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу