Ерлан Қарин бала қауіпсіздігін қорғайтын заң жобасының жаңашылдықтарын атады

171

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин заң жобасын әзірлеуге үлес қосқандарды атап өтті. 

Ерлан Қарин бала қауіпсіздігін қорғайтын заң жобасының жаңашылдықтарын атады Фото: akorda.kz

Әйелдер мен балалардың іргелі құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттағы басымдықтың бірі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Телеграм арнасында "Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" заң туралы пікірінде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгін Сенат "Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" заңды мақұлдады.

"Мемлекет басшысы 2023 жылғы Жолдауда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырған болатын. Көп ұзамай Мәжіліс депутаттары жаңа құжатты әзірлеуге кірісті. Бұл жұмысқа Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың мүшелері белсене атсалысты.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қылмыс деп танылуы, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаның күшейтілуі және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған түрлі шаралардың белгіленуі заңның негізгі жаңашылдығы деп атауға болады.

Әйелдер мен балалардың іргелі құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттағы басымдықтың бірі. Бұл мәселе қашан да Мемлекет басшысының басты назарында", - деген Мемлекеттік кеңесші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу