Ерлан Карин COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны салдырды

958

Қазақстан Президентінің көмекшісі Ерлан Каринге QazCovid-in вакцинасы салынды, деп хабарлады Білім министрлігі Ғылым комитетінің баспасөз қызметі.

Ерлан Карин COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны салдырды

"Клиникалық сынақтардан тыс өз еркі бойынша ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында QazCovid-вакцинасы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Е.Т.Каринге салынды", - делінген хабарламада.

Министрлік биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген QazCovid-in инактивтелген қазақстандық вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі 19 желтоқсанда басталғанын атап өтті.

"244 қазақстандық қатысқан клиникалық сынақтардың бірінші және екінші фазаларының нәтижелері вакцинаның қауіпсіз екенін, антиденелер түзетінін, жасушалық және гуморальдық иммунитетті тудыратынын көрсетті. Клиникалық сынақтардың үшінші кезеңіне үш мың ерікті қатысады", - делінген ақпаратта.

Хабарламаға сәйкес, зерттеуге қатысушыларға бір реттік төлем төлеу және медициналық сақтандыруға кепілдік беріледі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу