Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселесіне қатысты жиын өткізді

206

Жиында қандай мәселелер талқыланды?

Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселесіне қатысты жиын өткізді Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелер басшылығының және орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен этносаралық келісімді нығайту мәселесіне қатысты жиын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Отырысқа қатысушылар этносаралық және конфессияаралық татулықты сақтау, азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынас жасау, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, сондай-ақ, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Заң мен Тәртіп идеологиясы қағидаттарын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Жиын соңында Ерлан Қарин жауапты мемлекеттік органдарға этносаралық келісімді нығайту үшін ішкі саясаттың басым бағыттарына байланысты нақты тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу