Ерлан Қарин этносаралық келісімге арналған республикалық жиын өткізді

139

 Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Ерлан Қарин этносаралық келісімге арналған республикалық жиын өткізді Фото: akorda.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді. Басқосуға Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты.

Жиында өңірлердегі этносаралық ахуал, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және оның құрылымдық форматын жетілдіру жайы талқыланды.

Қоғамдық-саяси маңызды шаралар қарсаңында жалпыұлттық бірлікті нығайту жолдары да күн тәртібіне қойылды.

Кездесу қорытындысында Ерлан Қарин жауапты мемлекеттік органдарға этносаралық келісімді қамтамасыз ету және үйлестіру жұмыстарын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу