Ерлан Қарин Германия Парламентінің депутаттарымен кездесті

548

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Бундестагтың "Германия-Орталық Азия" парламенттік тобының жетекшісі Ойген Шмидт бастаған депутаттармен кездесу өткізді. 

Ерлан Қарин Германия Парламентінің депутаттарымен кездесті Фото: akorda.kz

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективасын қамтыған ауқымды мәселелерді талқылады, деп жазады inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ерлан Қарин Бундестаг депутаттарын елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мән-мазмұнымен және алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлаудың ерекшеліктерімен таныстырды.

Өз кезегінде Германия Парламентінің делегациясы Қазақстандағы саяси жаңғырудың жүйелі жүзеге асып жатқанын жоғары бағалап, еліміздің демократиялық өзгерістерге бастаған жолына табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу