Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеуге қатысты кеңес өтті

390

Бүгінде кей томдар толықтырылып, кейбірі біріздендіріліп жатыр.

Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеуге қатысты кеңес өтті Фото: akorda.kz

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан тарихының көптомдық академиялық жинағын әзірлеуге қатысты кеңес өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттік кеңесшіге бұған дейін белгілі тарихшы ғалымдармен кездесуде айтылған кемшіліктерді түзету және атқарылған басқа да жұмыстар жайында баяндалды. Көптомдыққа қажетті материалдардың барлығы жинақталып, ол бірнеше сатыдан тұратын сараптамадан өтіп, параграфтарға бөлініп, ғалымдар ел тарихын жазып шыққан. Бүгінде кей томдар толықтырылып, кейбірі біріздендіріліп жатыр.

Мемлекеттік кеңесші Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын тыңғылықты жүргізу қажет екенін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу