Ерлан Қарин Ата заң жобасында сөз бостандығын қорғайтын баптардың аясы кеңейтіле түскенін айтып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Ұлттық мүдде халықаралық шарттардан қашан да биік тұрады. Нақтырақ айтсақ, 75-баптың 1-тармағында "Конституцияға сәйкес келмейді" деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не ратификацияланбайды, яғни олар қолданысқа енгізілмейді" деп жазылған. Бұл – өте маңызды норма, халықаралық деңгейде кеңінен кездесетін практика. Бұл норма нені білдіреді? Қазақстан үшін мемлекеттік мүдде бәрінен жоғары, – деп нақтылады Мемлекеттік кеңесші.
Сол себепті де, жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтары, сөз бостандығы жоғары саналған.
– Конституция жобасының басты артықшылықтарының бірі – адам құқықтары мен бостандықтарына бағдарлануы. Жаңа Конституцияның негізгі өзегі – адамға бағдарланған мемлекет. Мәселен, 3-баптың 1-тармағындағы Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарында адам құқықтары мен бостандықтарын сақтауға ерекше басымдық берілген. 14-баптың 1-тармағында Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіні нақты жазылған. 23-баптың 5-тармағында цензураға тыйым салынатыны анық бекітілген. Сол секілді, осы баптың 1-тармағында "сөз еркіндігіне кепілдік беріледі" деп айқындалған. Яғни, жаңа Конституцияда сөз бостандығы да, адам құқықтары да шектелмеген. Керісінше, бұл нормалар бұрынғыдан да барынша кеңейтілген, – деп сөзін қорытындылады
Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында.