Ерлан Қарин қазақстандық жастардың әлеуетін қолдауға шақырды

728

Атырау қаласында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды  inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ерлан Қарин қазақстандық жастардың әлеуетін қолдауға шақырды Фото: akorda.kz

Жиында Мемлекет басшысының тапсырмасымен дайындалған Жастар саясаты жөніндегі тұжырымдаманың жобасы таныстырылды. Тұжырымдама жастар саясаты бағытындағы жұмысқа тың серпін береді.

Кеңес отырысында "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасында айтылған негізгі мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, жас қазақстандықтардың көзқарасы, сұранысы және құндылықтары жайында ақпарат берілді.

Мемлекеттік кеңесші маңызы бар шешімдерді қабылдау ісіне жастарды тартудың өз нәтижесін бергенін жеткізді. Қазірдің өзінде Кеңестің бірқатар мүшесі бірнеше саяси ұйымның партиялық тізіміне енгенін және кейбірі Парламент Мәжілісіне бір мандатты округтер арқылы сайлауға түсіп жатқанын айтты.

Отырыс соңында Ерлан Қарин Кеңес мүшелерін жастар саясаты жөніндегі күн тәртібін қалыптастыруға және ілгерілетуге белсенді қатысуға, қазақстандық жастардың әлеуетін қолдап, іске асыруға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу