Ерлан Қарин: Конституциядағы кей ұғым БҰҰ пактісімен сәйкес өзгертілді

Мемлекеттік кеңесші мұндай жаңалықты Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтты.  

Ерлан Қарин: Конституциядағы кей ұғым БҰҰ пактісімен сәйкес өзгертілді Фото: Ақорда

Ерлан Қариннің сөзінше, Ата заңның жаңартылған нұсқасында БҰҰ пактісімен сәйкестендірілген норма бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесі деген ұғым төңірегінде әртүрлі пікірлер, талқылаулар болатын. Комиссия мүшелері – Қарлығаш Жаманқұлова ("Әділ сөз" халықаралық қорының президенті) Әділ Балтабаев (журналист) және тағы басқалар тарапынан осы жөнінде мәселе көтерілген еді, – деп бастады сөзін Мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қарин талқылау барысында бұл ұсыныстар қабылдағанын сөз етті. 

– Бұл ұғым Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық пактісімен сәйкес өзгертілді. Сондықтан, жаңа мәтінде комиссия мүшелерінің жаңа ұсыныстары толық қамтылды деп айта аламыз, – деді ол.

Бұған дейін Мемлекеттік кеңесші "Адам құқығы мен бостандығы жаңа Конституцияның алтын арқауы болып тұр" деген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу