Ерлан Қарин Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүгінгі жай-күйімен танысты

691

Мемлекеттік кеңесші Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Ерлан Қарин Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүгінгі жай-күйімен танысты Фото: azretsultan.kz

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия шеңберінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау және оның техникалық ахуалы жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жиын барысында Ерлан Қарин мемлекеттік органдар және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен бірге Кесененің бүгінгі жай-күйімен танысып шықты.

Түркістан облысы әкімдігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері, археология және тарихи-мәдени мұраға жататын ескерткіштері сақтау бағытындағы мамандар қатысқан кеңесте Кесенені сақтау және дамыту бойынша кешенді жоспарының орындалуы, 2023 жылға жоспарланған жұмыстардың жобасы, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 45-сессиясына дайындық мәселелері қаралды.

Мемлекеттік кеңесші ескерткішті дұрыс сақтау басты міндет екенін атап өтті. Осыған орай, мемлекеттік органдарға сарапшылар қауымдастығымен тығыз әрекет ете отырып, Кесененің жағдайын үнемі бақылауда ұстау тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу