Ерлан Қарин мемлекеттік органдарға этносаралық келісімді нығайтуға қатысты тапсырма берді

158

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Ерлан Қарин мемлекеттік органдарға этносаралық келісімді нығайтуға қатысты тапсырма берді Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиынға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі қатысты.

Басқосуда этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы өзекті міндеттер мен 2025 жылға арналған жоспары таныстырылып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы баяндалды.

Сонымен қатар, қатысушылар жалпыұлттық ынтымақтастықты дамыту бойынша алдағы уақытта атқарылатын шараларға тоқталды.

Ерлан Қарин мемлекеттік органдардың осы бағытта жүйелі әрі кешенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, бұл іске тұрақты түрде тың тәсілдер енгізу қажет екеніне назар аударды.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші жауапты мемлекеттік органдарға этносаралық келісім мен бірлікті қамтамасыз етуге қатысты ішкі саясат саласының басым бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу