Ерлан Қарин Орталық мемлекеттік архив қызметкеркерлерімен кездесті

250

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Ерлан Қарин Орталық мемлекеттік архив қызметкеркерлерімен кездесті Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Орталық мемлекеттік архивте болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерлан Қарин Үкіметтің "Архив-2025" жобасын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары аясында көптеген жұмыс атқарылғанын атап өтті. Соның ішінде Қазақстан тарихына қатысты бірегей архив құжаттарын цифрландыру үшін ауқымды шаралар қолға алынды.

Орталық мемлекеттік архивтің директоры Сәбит Шілдебай архив құжаттарын сақтау және есепке алу тәртібі туралы баяндады. Сонымен қатар, ғасырға жуық тарихы бар мекеме аса құнды құжаттар мен материалдар қорын жинақтағанын айтты.

Мемлекеттік кеңесші еліміздің архив ісін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу