ЮНЕСКО Бас конференциясының кезекті сессиясы аясында Самарқандта Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёевамен кездестім, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Екі ел арасындағы, соның ішінде ЮНЕСКО аясындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл әлеуетін талқыладық. Өңірлік бастамаларды ілгерілету, ЮНЕСКО аясындағы трансұлттық номинацияларды ұтымды үйлестіру жұмыстарын жалғастыру жөнінде пікір алмастық", – деп жазды Ерлан Қарин.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Бас конференциясының (ЮНЕСКО) 43-ші сессиясында сөз сөйледі.