Ерлан Қарин: Президент қоғамдық 5 кеселге жалпыұлттық күрес жариялады

384

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзіне қатысты пікір білдірді.  

Ерлан Қарин: Президент қоғамдық 5 кеселге жалпыұлттық күрес жариялады Фото: gov.kz

"Мемлекет басшысы Атырауда сөйлеген сөзінде мәдени-гуманитарлық даму саласында бірқатар жаңа бастама көтерді. Мен олардың негізгілерін бөліп көрсетпекпін. Біріншіден, "Айбын" орденінің дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев есімдерін беру туралы шешім қабылданды. Ол соғыс жылдарындағы барлық қазақстандықтың ерлігін бейнелейді. Екіншіден, Қожа Ахмет Яссауидің рухани мұрасын жүйелі түрде зерделеу және дәріптеу қажеттігі белгіленді. Осы бағыттағы кешенді жұмысқа Президент өткізуді тапсырған арнайы халықаралық симпозиум серпін беруге тиіс. Үшіншіден, Үстірт жазығы мен Маңғыстау жерасты мешіттерін ЮНЕСКО тізіміне енгізу жұмыстары басталады. Дәл осы тұрғыда Президенттің археология саласындағы заңнаманы лицензиялауды ретке келтіру және заңсыз археологиялық қазбалар үшін жауапкершілікті қатаңдату арқылы жетілдірудің маңыздылығы туралы ұсынысын қарастыру қажет", - деп жазды Ерлан Қарин желіде.

Е.Қариннің сөзінше, Президент бұл бастамалар блогын тарихымыздың тұтастығы туралы өте ауқымды месседжмен астастырып, әртүрлі тарихи тұлғалар мен дәуірлерді қарама-қарсы қоюға жол бермеуге ерекше назар аударды.

Еліміз үшін төтенше бағалаудан, мифтік шығармашылық пен алыпсатарлықтан ада тұтас әрі ауқымды тарихи нарратив құру аса маңызды.

"Сондықтан Президент тарихты жан-жақты, терең және шынайы зерттеу үшін эмоция мен манипуляция емес, жүйелі іс-шаралар мен ойластырылған талдау қажет екенін тағы да атап өтті. Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің маңызды бөлігі қоғамдық бес кеселге – нашақорлыққа, лудоманияға, зорлық-зомбылыққа, вандализмге және ысырапшылдыққа қарсы жалпыұлттық күресті жариялау болды. Бұл ұлттың денсаулығына нұқсан келтіреді, адамдардың, әсіресе жастардың тағдырын бұзады, ұлттың ілгерілеуін тежейді. Прогрессивті қоғамдағы әлеуметтік әділеттілік пен теңдіктің негізгі шарты саналатын әйелдердің отбасында кемсіту мен жәбірлеуге ұшырауына қарсы іс-қимылды күшейтуге ерекше назар аударылады. Шын мәнінде, Президент барлығына ортақ, нақты міндет қойды. Оны шешпей біз алға қойған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан, осы әлеуметтік кемшіліктермен табысты күресу үшін тек мемлекеттік органдарды ғана емес, сонымен бірге қоғамның барлық салауатты күшін белсенді қатысуға жұмылдыру қажет", - деді Мемлекеттік кеңесші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу