Ерлан Қарин Президент ҰҚШҰ-дан неге көмек сұрағанын түсіндірді

1184

Оның айтуынша, елдегі жағдай тұрақталғаннан кейін ҰҚШҰ бітімгерлері Қазақстаннан шығарылады.

Ерлан Қарин Президент ҰҚШҰ-дан неге көмек сұрағанын түсіндірді

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше елдерден неге көмек сұрағанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Осыған дейін айтылғандай, ҰҚШҰ миссиясы тек бітімгершілік және қысқа мерзімге жоспарланған. Елдегі жағдай тұрақталғаннан кейін ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгершілік контингенті елімізден шығарылады. ҰҚШҰ күштері барлық өңірде пайдаланылмайды. Олар маңызды объектілерді қорғайды.

Бұл – негізгі шара. Біз бір уақытта елдің әртүрлі аймағында радикалдардан құралған армияның мұқият жоспарланған және кенеттен жасаған шабуылына тап болдық. Олар стратегиялық инфрақұрылым нысандарына ашық шабуыл жасау арқылы елдегі жағдайды тұрақсыздандырмақ болды. Мұндай жағдайда мемлекет ондаған, жүздеген мың адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре алмады.

ҰҚШҰ бітімгершілік контингентін шақырту қажет ресурстарды босатуға және Алматы мен Алматы облысында терроризмге қарсы операцияға қазақстандық арнайы бөлімшелерді тартуға мүмкіндік берді.

Лаңкестікке қарсы операцияға тек қазақстандық Арыстан, Арлан, Бүркіт арнайы бөлімдері, Қорғаныс министрлігінің күштері ғана қатысады. Олар террористер мен бандалардан тазартып жатыр.

Сондықтан ҰҚШҰ бітімгершілік контингентін тарту туралы қабылданған шешім бірінші кезекте Қазақстанның егемендігін қорғауға және тұтастығын нығайтуға бағытталған", – деп жазды Ерлан Қарин телеграм каналында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу