Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс беріп, саяси науқаннан кейін елде болатын реформалар мен өзгерістерге қатысты пікірін айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Сайлаудан кейін елдегі реформалардың әрі қарай жалғасқанын күтеміз. Себебі бұл сайлау да жүзеге асып жатқан реформалардың жалғасы. Бүгінгі сайлау елдегі болып жатқан өзгерістерге серпін береді. Сонымен қатар халықтың мемлекеттік шешім қабылдау процесіне кеңірек тартылуына жағдай жасайды деп ойлаймын. Бір мандаттық округ бойынша кандиттардың сайлауға түсуі биыл енгізіліп отырған жаңашылдық. Бұл азаматтардың сайлауға түсу мүмкіндіктерін кеңейтті. Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін партия мүшелері ғана сайлауға түсе алатын еді", - деді Ерлан Қарин дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осындаЖазылу