Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын жетілдіруге арналған жиын өткізді.
Басқосуда оқу орындарындағы тәрбие мазмұнын байыту мен оның сапасын арттыру жолдары талқыланды. Жиынға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Нәзипа Аюбаева қатысып, баяндама жасады.
Ерлан Қарин алдағы Тамыз кеңесі аясында мектептегі тәрбие жұмысын дамытуға арналған арнайы тақырыптық алаңдар ұйымдастыруды тапсырды. Ол тәрбие ісіне кешенді түрде қарап, бұл бағытта мемлекет, мектеп және ата-аналар бірлесе әрекет етуі маңызды екенін атап өтті.
Жиын қорытындысында жауапты мемлекеттік органдарға білім беру ұйымдарына бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.