Ерлан Қарин жаңа заңға қатысты пікір білдірді

2254

Мемлекеттік кеңесші кеше қабылданған жаңа заңда тарихи ескерткішке қол сұққандарға жаза күшейтілгенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ерлан Қарин жаңа заңға қатысты пікір білдірді Фото: erlankarin2019

Оның ішінде вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтетін заң да бар. 

Ерлан Қариннің айтуынша, бұл – Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған төртінші заң.

"Бұдан бұрын вейптке тыйым салуға, әйелдердің құқығын қорғауға және балалардың қауіпсіздігіне, „Айбын“ орденінің түрлі дәрежелеріне батырлардың есімін беруге қатысты заңға қол қойылған болатын. Мемлекет басшысы Атырауда сөйлеген сөзінде тәртіпсіздік пен мәдениетсіздік сынды кеселдерге қарсы күресуге шақырып, вандализмді теріс қылық деп атап өтті", – деп жазды Мемлекеттік кеңесші Telegram парақшасында. 

Айта кетейік, қол қойылған заңда:

  •  қоғамдық орындарды ластау;
  • бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру;
  • тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жою немесе бүлдіру үшін жауапкершілік күшейтілген.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу