Ерлан Қарин жапондық әріптестеріне Қазақстан туралы бағдарламасы үшін алғыс айтты

754

Ерлан Қарин жапондық әріптестеріне Қазақстан туралы бағдарламасы үшін алғыс айтты

"Қазақстан" РТРК" АҚ жапондық NHK хабар таратушы корпорациясымен ынтымақтастық жайлы келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды kaztrk.kz.

2017 жылдың 27-29 қараша аралығында "Қазақстан" РТРК" АҚ делегациясы жұмыс сапарымен Токиоға барып қайтты. Сапар барысында Жапонияның ең танымал телеарналарының бірі – FujiTV - де болып, сол арнаның таңғы ақпараттық бағдарламалары мен  жаңалықтар бөлімінің ұйымдастырылу ерекшеліктерімен танысты.
Сондай-ақ, NHK корпорациясына барып, бүкіл әлемге хабар тарататын NHK World телеарнасының  таныстыру  рәсіміне қатысты.  Кездесу аясында қазақстандық делегация NHK хабар таратушы корпорациясының президенті Риочи Уэдамен және бірқатар департаменттердің басшыларымен танысып, екіжақты келіссөздер жүргізді. "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы – Ерлан Қарин Астана және ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі жайлы түсірілген арнайы бағдарлама үшін жапондық әріптестеріне алғыс білдірді.
Айта кетсек, ұзақтығы 2 сағатқа жуық аталмыш жоба осы жылдың  қазан айында жапондық NHK телеарнасының эфирінде көрсетілген болатын. Жапондық журналистердің айтуынша бұл жапон телевизиясы тарихындағы Қазақстан жайлы түсірілген ең ауқымды жобалардың бірі.  
Сондай-ақ, кездесу барысында екі жақ болашақ жоспарларымен бөлісіп, бірлесіп  деректі фильмдер шығарумен қатар, өзара телехикаялар мен контент алмастыру  сияқты ынтымақтастық бағыттарын қарастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу