Ерлан Қарин жемқорлықпен күрес бойынша бірқатар тапсырма берді

251

Жиында қандай мәселелер талқыланды?

Ерлан Қарин жемқорлықпен күрес бойынша бірқатар тапсырма берді Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиында Экономикалық ынтымақтастық  және  даму ұйымының (ЭЫДҰ) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстанбұл жоспарына сәйкес мониторингтің бесінші раундын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері салаға қатысты ұлттық заңнаманы және халықаралық стандарттарды енгізу арқылы құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Ерлан Қарин өз сөзінде Мемлекет басшысының Экономикалық ынтымақтастық  және  даму ұйымымен ықпалдастыққа баса назар аударатынын атап өтті. Бұл ұйымның жоғары стандарттары экономиканың түрлі салаларымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін де қамтиды.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші шетелдік сарапшылардың ұсыныстарын жүзеге асыруға және аталған беделді халықаралық ұйыммен байланысты одан әрі нығайтуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу