Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

630

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесі талқыланды. 

Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Комиссия шешімімен магистратура, докторантура, резидентура бағдарламасы бойынша 84 азаматқа "Болашақ" халықаралық стипендиясы берілді.

Отырыс барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесі талқыланды. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басты назар аударылды.

Биыл магистратура мен резидентурада оқу үшін 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия бөлінді.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу