Ерлан Қиясов жаңа қызметке тағайындалды

1316

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.  

Ерлан Қиясов жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы "Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" қарқынды терапия реанимация бөлімшесінің санитары болып бастады.

1997-1999 жылдары – Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы.

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында – Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу