Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, іс-шарада Палата Спикері, Парламенттегі саяси партиялар фракцияларының басшылары мен қала тұрғындары соғыс даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Соғыс жылдары елімізден майданға 1,2 миллионнан астам адам аттанды, олардың жартысы елге оралған жоқ. Көптеген қазақстандық соғыста көрсеткен ерлігі үшін ең жоғары жауынгерлік наградалармен марапатталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу