"Кеше ғана партияның съезі өтті. Президент ұсынғаннан кейін партияластарым дауыс беріп, мен осы лауазымға сайландым. Бұл лауазым қоғамдық жұмыс болып есептеледі. Ал Парламент Мәжілісінің төрағасы қызметі – сайламалы қызмет. Екеуінің арасында заң жағынан қарама-қайшы ештеңе жоқ деп ойлаймын. Екіншіден, бұл әлемдік тәжірибе. Басқа мемлекеттерде де, депутаттар, Парламент төрағалары басымдық алған партияның төрағасы саналып жатады", – деді Қошанов.
Оның айтуына қарағанда, партияның негізгі стратегиялық бағыты өзгермейді.
"Ол (бағыт) – президенттің бағытын қолдау, реформаларын жүзеге асыру. Саяси және экономикалық, әлеуметтік реформалар халықтың жағдайын көтеруге, саяси, бизнес пен экономикадағы бәсекелестікті арттыруға бағытталады. Бұл біздің темірқазық. Біз бұдан ауытқымаймыз", – деді сужаңа төраға.
Тасқын Болатұлы