Алдын ала болжам бойынша Қарағанды облысындағы инфляция деңгейі жыл соңына қарай белгіленген шекте сақталып қалады. Қабылданған шаралар арқасында азық-түлік өнімі бағасының өсуін төмендетуге қол жеткіздік. Инфляциялық үдерістерді сақтап қалу мақсатында тағы қандай шаралар қолданылатынын Қарағанды облысының әкімі Ерлан Кошанов кезекті сессияда облыстық мәслихат депутаттарының алдында есеп беру барысында айтты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Өздеріңіз білетіндей, жыл басынан облысымыз аутсайдерлер қатарында еді. Бағаның өсу қарқыны республикалықтан артты. Мәселе зерттелді. Біз оперативті және жүйелік сипаттағы шаралар қатарын қабылдадық, өнім өндірушілер мен сауда желілерімен серіктестікті қалпына келтірдік. Нәтижесінде азық-түлік өнімдері бағасының өсуін былтырғы жылмен салыстырғанда 0,8%-ға төмендетуге қол жеткіздік", - деп хабарлады Ерлан Кошанов.
Билік өкілдері картоп пен көкөніс қорын сақтау бойынша ірі шаруашылықтарымен өнімді маусымаралық кезде тіркелген баға бойынша босату үшін меморандумдар қабылдады. Өнімдік қор үлесі 3600 тонна құрайды. 800 тонна картоп пен көкөністен құралатын сақтандыру қоры қалыптасады.
"Біз жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейін белгіленген шекте ұстап қаламыз деген ниеттеміз", - деп пайымдады аймақ басшысы.