Ерлан Қошанов: Елде "Аманат" деген 30-дан аса ұйым бар екен

1518

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін палата төрағасы Ерлан Қошанов журналистерге арнайы сұхбат берді. Бұған дейін ол бір рет тілшілерге қайырылмай өтіп кетіп, сынға қалған болатын.

Ерлан Қошанов: Елде "Аманат" деген 30-дан аса ұйым бар екен

Журналистердің алғашқы сұрағы күні кеше өткен Nur Otan партиясының жиынына қатысты болды.

"Елде "Аманат" атауы бар компаниялар көп қой, партияның жаңа атауын тіркеу қиын болмай ма?", – деп сұрады тілші.

"Оны тіркеуде заңдық жағынан ешбір қиындық болмайды. Себебі елде 30-дан аса "Аманат" деген ұйым бар екен, бірақ партия жоқ екен", – деді Қошанов.

Оның айтуынша, өмір өзгеріп жатыр, біз желтоқсанда басқа мемлекетте ұйықтап, қаңтарда басқа мемлекетте оянған іспеттіміз.

"Қоғамның сұранысы да өзгерді. Терракт болғаннан кейін, қоғам дүр сілкінді. Партия да соған бейімделуі керек. Халық өз алдына, партия өз алдына өмір сүрмейді ғой. Сондықтан партияның жаңаруына сұраныс бар. Оны халықпен кездесуде байқадық", – деп қосып қойды Қошанов.

Айта кету керек, партия атауын ауыстыруды Ерлан Қошанов ұсынып, партия төрағасы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған болатын.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу