"Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың аты-жөні жарияланады"

2116

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов "Билік қаңтар оқиғасына қатысты халықаралық зерттеу жүргізуден бас тартқан жоқ" деп есептейді. Бірақ Еуропарламент Қазақстанды сынға алып, қарар қабылдағанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында "халықаралық тергеу жүргізудің қажеті жоқ, өз күшіміз жетеді, бізде әділ, бейтарап адамдар бар" деп мәлімдеген еді.

"Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың аты-жөні жарияланады"

"Қазақстан халықаралық зерттеу жүргізуден бас тартқан жоқ. Халықаралық болмаса да, қоғамдық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Мысалы, адам құқығын қорғайтын азаматтар бар. Айман Омарова, Абзал Құспан, Жеміс Тұрмағамбетова бастаған қоғамдық бақылау бар ғой. Оларға неге сенбеуіміз керек? Қазақстан халықаралық зерттеуден бас тартты дегенді мен естімедім", – деді Қошанов мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистерге сұхбат беру барысында.

Оның айтуына қарағанда, билік жасырып қалған мәселе жоқ. Қаза тапты делінген 227 адамның аты-жөні толық тергеу біткеннен кейін жарияланады. 

"Тергеу баяу жүріп жатқан жоқ. Бұл ауқымды оқиға болғаннан кейін, әр нәрсені жақсылап дәлелдеу керек", – дейді спикер.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу