Ерлан Қошанов кісі өлімімен аяқталған Алматыдағы митинг жайлы айтты

722

Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов кісі өлімімен аяқталған Алматыдағы митинг жайлы сөз қозғады

Ерлан Қошанов кісі өлімімен аяқталған Алматыдағы митинг жайлы айтты

"Елімізде көптеген мәселе қордаланып қалды. Бауыржан Момышұлының "тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды" деген сөзін өсиет етіп ұстасақ артық болмайды.

Тәртіпті тәрк етудің қандайына да тиісті заңмен баға берілуі тиіс. Қазіргі заңнама бойынша әркімнің митинг немесе бейбіт шеру өткізуге қақысы бар.

Митинг деген күнделікті өмірдің көрінісіне айналды. Алайда кейбір азаматтар өз пікірін білдіру кезінде заң шеңберінен асып кететін іс-әрекеттерге барады. Мәселен, Алматыда бір топ азаматтың үлкен даңғылды жауып тастауы немесе аяқталғанын білеміз. Бұл заңға бағынбаудың, заңды аяққа басудың трагедияға алып келетінін көрсетті. Заң талабын орында деп билікті сынағандардың өздерін де заң талаптарынан жоғары немесе сырт қоймағаны абзал", – деді Мәжіліс төрағасы.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу