Ерлан Қошанов ҚР Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

2935

Ерлан Жақанұлы бұған дейін Қарағанды облысын басқарған болатын.

Ерлан Қошанов  ҚР Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын", делінген құжатта.

Ерлан Жақанұлы 1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.

Институт бітірген соң Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып істеді.

1988-1990 жж. – жұмыскер және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық жастар проблемаларының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, басшының орынбасары.

1995 ж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің төрағасы.

1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.

1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.

2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.

2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.

2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіндегі ҚР Үкіметінің өкілі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.

2012 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

Соңғы тағайындалуға шейін 2017 жылғы 14 наурызынан бастап – Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарды.

"Парасат" (2013), "Құрмет" (2007) ордендарымен және мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу