Ерлан Қошанов: ОА елдерінің әйелдері диалогы аймақтағы жалпы интеграциялық процестің бір бөлігі болып отыр

529

Мәжіліс спикері Орталық Азия елдерінің әйелдері диалогына қатысуға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстаннан арнайы келген әріптестерге ризашылығын білдірді. 

Ерлан Қошанов: ОА елдерінің әйелдері диалогы аймақтағы жалпы интеграциялық процестің бір бөлігі болып отыр Фото: Azattyq Ruhy

Бұл алаң әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселесінде тәжірибе алмасу және өзара әрекеттесудің тиімді алаңына айналып үлгерді. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты.

"Бүгінгі отырысымызда Қазақстанның төрағалығы ресми түрде басталады. Осы сәтті пайдалана отырып, біздің алдымызда диалогқа төрағалық етіп, белсенді жұмыс атқарғаны үшін Өзбекстан мен Түркменстан тараптарына алғыс айтқым келеді. Қажырлы да нәтижелі еңбектеріңіз өңірдегі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін жан-жақты кеңейтуге берік негіз болды деп сенемін. Орталық Азия елдері үшін превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы БҰҰ-ның даму бағдарламасы мен "БҰҰ-Әйелдер" халықаралық құрылымдары да осы істі ілгерілетуге жүйелі түрде қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз", - деді ол елордада өтіп жатқан Орталық Азия елдерінің әйелдері диалогында.

Ерлан Қошанов Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы 2,5 жыл бұрын құрылғанын атап өтті. 

"Қысқа уақыт аралығында ол әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселесінде тәжірибе алмасу және өзара әрекеттесудің тиімді алаңына айналып үлгерді. Сондай-ақ, форум аймақтағы жалпы интеграциялық процестердің бір бөлігі болып отыр", - деді Мәжіліс төрағасы.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев гендерлік теңдік пен әйелдер құқығын қорғауға ерекше көңіл бөледі, деп толықтырды ол.

"Мемлекет басшысы елдің даму деңгейі қоғамдағы әйелдің мәртебесімен өлшенетінін үнемі атап өтеді. Әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия үлкен үлес қосып келедіі. Қазақстан әйелдер құқығын қорғау, гендерлік теңдікке қатысты барлық негізгі халықаралық актілерді ратификациялады", - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу