Ерлан Қошанов Үкіметке ескерту жасады

395

Министрлер Мәжіліс пен Сенаттың жалпы отырыстарына еш дайындықсыз келеді.

Ерлан Қошанов Үкіметке ескерту жасады Фото: gov.kz

Бүгін 8-ші шақырылымның 1-ші сессиясының жабылуында Ерлан Қошанов осылай деп Үкімет мүшелеріне шүйлікті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Спикер мемлекеттік орган басшыларының қойылған сауалдарға берген жауабы да сын көтермейді,- деді. Бетпе-бет сұрақтардан тосылатыны өз алдына, тіпті депутаттық сауалдарға 1 ай толғанып жазбаша беретін жауаптарының өзі мардымсыз екен.

"Біз депутаттық сауалда халықты толғандыратын өзекті мәселелерді көтеріп, сайлаушылардың тілегі мен аманатын жеткіземіз. Өкінішке қарай, бізге толық жауаптың орнына жалпылама, сырғытпа жауаптар ғана келеді. Егер бұл жағдай жалғаса берсе, болашақта депутаттық сауалға ауызша жауап беру үшін Үкімет мүшелерін арнайы шақыртуға мәжбүр боламыз. Бұл біздің регламентте қарастырылған", деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов.

Спикердің сынына Премьер-Министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев пікір білдірді. Ол осы сессияда 306 депутаттық сауал болғанын алға тартты. Кей жағдайда жауап дайындаған мамандардың мәселені толық түсінбеуі мүмкін екенін де жасырмады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу