Ерлан Қошанов жанжал кезінде көз жұмған жігіттің жақындарымен кездесті

1119

Бұл уақытта полиция департаментінің алдында ақпараттың хабарлануын күткен 200-230 адам жиналды.

Ерлан Қошанов жанжал кезінде көз жұмған жігіттің жақындарымен кездесті

Бүгін 6 қаңтар 2019 жылы сағат 10.00-де Қарағандыда билік өкілдері "Древний Рим" мейрамханасында орын алған жанжал кезінде көз жұмған жігіттің жақындарымен кездесті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тергеудің жүргізілуі жайлы түсініктемелер берілді.

Бұл уақытта полиция департаментінің алдында ақпараттың хабарлануын күткен 200-230 адам жиналды.

Жиналғандардың алдында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов сөз сөйлеп, тергеудің барысы жайлы және алдағы уақытта іске асырылатын шаралар туралы толық ақпарат берді. Әкім тергеу шараларының ҚР бас прокурорының жеке бақылауына алынғандығын және барлық кінәлі тұлғалардың жазаланатынын қадап айтты.

Билік аталған процесстің обьективті және барынша ашық өтетініне уәде берді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тарапынан ҚР Қылмыстық кодексінің адам өлтіру және бұзақылық баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда 9 қатысушы анықталды, оның 8-і тұтқынға алынды, 1-еуіне халықаралық іздеу жарияланды.

"Жанжал екі компания арасында болғанын және ұлтаралық сипат алмағанын хабарлаймыз... Кездесу барысында ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта қалада және облыста жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол берілген жоқ", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу