Астана соты бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа шыққан үкімге түскен апелляциялық шағымды қанағаттандырмады, жаза сол күйінде қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Одан бөлек, бұрынғы министр орынбасарының аталған қылмыстық іс бойынша сыбайласы SUCCESS K агенттігінің бұрынғы бас директоры Ләззат Көккөзова да сот алғаш тағайындаған 5 жылдық жазаны өтейтін болды.
Антикордың ақпаратынша, Қожағапанов 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған.
Бұл әрекеттер үшінші тұлғалардың мүддесі үшін қызметтік өкілеттіліктерін асыра пайдалану деп танылды.
Қожағапановқа шығарылған үкім енді заңды күшіне енді.