Ерлан Қожағапановтың үкіміне шағым түсірілді

109

Астана қалалық сотында бұрынғы Мәдениет вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты істің апелляциялық шағымы қаралып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерлан Қожағапановтың үкіміне шағым түсірілді Фото: Үкімет

Еске салайық, 2025 жылғы 19 мамырда сот Ерлан Қожағапановты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі (Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар оған өмір бойы мемлекеттік қызметте, сот жүйесінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және оның ведомстволарында қызмет атқаруға тыйым салынды.

Осы іс бойынша екінші айыпталушы – "SUCCESS K" агенттігінің бас директоры Ляззат Көккөзова ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі (Өте ірі мөлшерде алаяқтық жасау) бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 7 жыл бойы басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу