Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

1243

Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдікұлыға үкім кесілді.

Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіру әрекеті бойынша үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты іс бойынша тыңдау Қарағандыда 2019 жылдың тамыз айының соңында басталған еді. Қылмыстық іс 40 томға жетті және 80-нен астам куәгер болды. Сотталушылар орындығында Берік Ахметов, Нұрлан Шүкілдіков және Қайрат Ақшанов отырды.

Осыған дейінгі сот тыңдауында прокурор барлық үш айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын беріп, оны қауіпсіздігі ерекше колонияда өтеуді сұраған болатын.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қайрат Қасымов сот үкімімен Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдікұлына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғандығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу