Президент Бас прокурордың орынбасарын тағайындады

141

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Бас прокурордың орынбасарын тағайындады Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ерлан Өтегенов  1997 жылдан бастап прокуратура органдарында жұмыс істеп келеді.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматы қаласының прокуратураларында басшылық қызметтерді атқарды.

Алматы табиғатты қорғау прокурорының орынбасары және Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры, Ақмола облысының Целиноград, Егіндікөл аудандарының және Алматы облысы бойынша Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқарма бастығы болған.

2019 жылдың маусымынан бастап Астана қаласы прокурорының орынбасары лауазымын атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу