Ерлан Сағадиев мұғалімдер мен тәрбиешілерге жеңілдік беруді ұсынды

973

Ерлан Сағадиев мұғалімдер мен тәрбиешілерге жеңілдік беруді ұсынды

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР үкіметі отырысында мұғалімдер мен тәрбиешілерге балаларын балабақшаларға орналастыру бойынша жеңілдіктер беруді ұсынды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Мұғалімдер үшін жеңілдіктердің болмауы - бұл проблема. Біз мұғалімдер мен тәрбиешілерге балаларын балабақшаларға орналастыру бойынша жеңілдік беруді ұсынамыз. Балабақшалар желісі өсіп келеді, жеткілікті деп айтуға болады. Мұғалімдер мен ата-аналар комитетінің мұғалімдер мен балаларға түсірілетін оқу жүктемесін азайту жөніндегі ұсыныстары, жаңа оқу жоспарлары қазір белсенді талқылануда. Жыл соңына дейін шешім қабылданады деп ойлаймыз", - деді Ерлан Сағадиев.

Сондай-ақ министр мұғалімдердің әр түрлі қағаз жүзіндегі есеппен жүктелуі мәселесін де айтып өтті. 

"Мұғалімдердің қағаз жүзіндегі есептермен жүктелуі сақталып келеді. Барлығын цифрландырсақ та, мектептерден жазбаша түрде ақпарат сұратылып жатады. Осы мәселені де қарастырып жатырмыз", - деп мәлім етті министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу